Қазақстанның ішкі және сыртқы қарызы 63,7 млрд долларға жетті

499

Еліміздің шетелдерге қарызы жылдан жылға артып келеді.

Қазақстанның ішкі және сыртқы қарызы 63,7 млрд долларға жетті Фото: canva.com

1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанның ішкі және сыртқы қарызының көлемі жыл басымен салыстырғанда 6,5 %-ға артып, 63,7 миллиард долларға жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Raking.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Мемлекет ішіндегі қарыздың:

  • 94,4%-ы немесе 60,1 млрд доллары Үкіметке;
  • 4% немесе 2,5 млрд доллар, жергілікті атқарушы органдарға (әкімдіктерге);
  • 1,6% немесе 1 млрд доллардан астамы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне тиесілі.

Қазақстанның ішкі қарыз есепті күнге 45 млрд долларға тең болып, жыл басынан бері 14,7%-ға өсті. Сонымен қатар, сыртқы қарыз жыл басынан бері 3,3%-ға төмендеп, 15,1 млрд доллар болды.

Мемлекеттің ішкі қарызы мыналардан тұрады:

  • TONIA мөлшерлемесі бойынша индекстелген мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер – $2 млрд;
  • Мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелер – $1,8 млрд;
  • Мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер – $4,7 млрд;
  • Мемлекеттік ұзақ мерзімді жинақ қазынашылық міндеттемелері – $1,4 млрд;
  • Мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелер – $35,1 млрд;

Басқа міндеттемелер – 5 млн доллар.

Мемлекеттің сыртқы қарызы халықаралық қаржы институттарының несиелері мен бағалы қағаздардан тұрады. Қазақстан Үкіметі мына қаржы институттарына қарыз:

  • Халықаралық қайта құру және даму банкі – $3,3 млрд;
  • Азия даму банкі – $1,4 млрд; Еуропалық қайта құру және даму банкі – $82,4 млн;
  • Ислам даму банкі – $60,2 млн;
  • Азиялық инфрақұрылымдық инвестициялар банкі – $633,3 млн;
  • Араб экономикалық дамуының Кувейт қоры – $362 мың;
  • Жапония халықаралық ынтымақтастық агенттігі – $184 млн;
  • Германияның үкіметтік несие агенттігі – $6 млн;
  • Қытай Халық Республикасының Экспорт-импорт банкі – $195,1 млн;
  • Шетелдік коммерциялық банктер – $200 млн.

Ал бағалы қағаздарға мыналар жатады:

  • Еурооблигациялар – $8,4 млрд;
  • Ресей нарығында орналастырылған мемлекеттік бағалы қағаздар – $646 млн доллар.

Бұдан бөлек, мемлекет кепілдік берген қарыз да бар. Ол да жыл басынан бері 7,2%-ға өсіп, 3,4 миллиард долларға жетті. Осылайша, 1 қазанға дейін мемлекеттік және үкімет кепілдік берген қарыз 67 миллиард доллардан асты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу