Қазақстанда оның орташа айлық құны шамамен 10 доллар болса, әлемдік орташа көрсеткіш – 27 доллар, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект жəне цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді.
Оның айтуынша, Қазақстандағы мобильді интернет тарифтері әлемдік орташа бағамен салыстырғанда 3 есеге жуық арзан.
Сонымен қатар, елде интернет-трафик көлемі тұрақты өсіп келеді. Осыған байланысты байланыс сапасын жақсарту, интернет жылдамдығын арттыру және 5G желісін кеңейту үшін телекоммуникация операторлары инфрақұрылымға инвестиция салуы қажет.
Жаслан Мәдиевтің пікірінше, бұл ретте мемлекет тарифтердің халық үшін қолжетімді болуын және байланыс саласының инвесторлар үшін тартымдылығын қатар қамтамасыз етуі керек.
– Балансты сақтау маңызды. Тарифтер халыққа қолжетімді, ал байланыс саласы инвесторлар үшін тартымды болып қалуы тиіс, – деді ол.