Қазақстанның мүддесін шетелде қорғауға жыл сайын 17,6 млрд теңге керек

971

Әділет министрлігі үш жылдық бюджет жобасын талқылауға қойды.

Қазақстанның мүддесін шетелде қорғауға жыл сайын 17,6 млрд теңге керек

Басқа елдер мен төрелік соттарда Қазақстанның мүддесін заңды қорғау үшін жыл сайын 17,6 млрд теңге қажет. Әділет министрлігі 2020-2022 жылдарға арналған бюджеттік бағдарлама жобасында осындай есептеулер ұсынды, деп хабарлайды LS.

Бағдарлама "Арбитраждарда, шетелдік арбитраждарда, шетелдік мемлекеттік және сот ограндарында мемлекеттің мүддесін қорғау және ұсыну, сондай-ақ дауларды арбитраждық және сотқа дейінгі реттеу, Қазақстан Республикасы үкіметінің қатысуымен шетелде жүргізілетін сот немесе арбитраждық талқылаудың келешегін бағалау" деп аталады.

"Бұл шығындар мемлекеттің немесе тапсырыс берушілердің төрелік, шетелдік төрелік, шетелде және шетелдік сот органдарында  мүдделерін қорғау мен ұсынуға, сондай-ақ төрелік (сот) дауларын шешкенге дейін процесті жүргізу перспективаларын бағалауға арналған консультациялық және заң қызметтерін алуға бағытталған", - деп жазылған жобаға сипаттамада.

Әділет министрлігі осы мақсат үшін 2020-2022 жылдарға арналған бағдарламада жыл сайын 17,6 млрд теңге қарастырып отыр.

Бұл ретте осы үш жыл бойы қаралатын осындай істер саны 22.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу