Қазақстанның мұнайын қай ел көп сатып алады?

1435

Қазақстанның мұнайын қай ел көп сатып алады?

Қазақстандық мұнайдың басым бөлігін Италия сатып алады. Мемлекеттік кіріс және статистика комитетінің деректері бойынша, тек 4 айдың ішінде бұл елге 3,6 млрд долларға 7 миллион тонна шикізат шығарылған, деп хабарлайды Atameken TV.

Ал  қаңтар-сәуір айында Қазақстаннан шет елдерге  11,1 млрд долларға 22,4 миллион тонна шикізат экспортталыпты.

Негізгі тұтынушылар қатарында Нидерланды да бар. Аталған елге 3,2 миллион тонна қара маржан жеткізілген. Францияға - 2,7, Швейцарияға - 1,6, Румыния - 1,2, Испания - 1,1, және Корей Республикасына 1 миллион тонна өнім тасымалданды.

Ал Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерге шығарылған мұнай әлдеқайда аз. Мәселен Ресейге - 27,8 мың тонна, Беларусь мемлекетіне 5,6 мың тонна шикізат  сатылыпты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу