Қазақстанның нарығына арналған жаңа халықаралық желі іске қосылды

806

Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздары Clearstream жүйесінде есептелетін бағалы қағаздар тізіміне қосылды.

Қазақстанның нарығына арналған жаңа халықаралық желі іске қосылды

Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын Clearstream халықаралық есеп айырысу жүйесінде есептелетін бағалы қағаздар тізіміне қосу жобасы табысты іске асырылды. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазақстан Ұлттық банкінің монетарлық операциялар департаментінің директоры Әлия Молдабекова Қазақстанның нарығына арналған жаңа халықаралық желінің осыған дейін жария етілген жоспарларға сәйкес 2018 жылғы 30 шілдеде іске қосылатынын хабарлады. Жобаны аяқтау халықаралық қаржы нарықтарымен ықпалдасуды тереңдетуге мүмкіндік береді және қосымша портфельдік инвестициялардың ағынын қамтамасыз етеді.

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары бойынша Clearstream жүйесі арқылы есеп айырысуларды жүзеге асыру мүмкіндігі халықаралық инвесторлардың Қазақстанның қор нарығына қолжетімділігін айтарлықтай жеңілдетуді білдіреді. Жобаны іске асыру Қазақстандағы қаржы нарығын дамытудағы жаңа кезеңі болып отыр", - деді Әлия Молдабекова.

Өз кезегінде, Clearstream Banking S.A қоса директоры Ф. Браун Қазақстанмен жаңа арнаның Clearstream үшін маңызды кезең екендігін атап өтті, себебі ол ТМД және Кавказ елдерінде ауқымды клиенттердің эмитенттерге қолжетімділігіне қатысты стратегиялық мақсатқа жауап береді.

Айта кетсек, Clearstream – штаб-пәтері Люксембургте орналасқан, Deutsche Börse Group тобына кіретін бағалы қағаздардың халықаралық орталық депозитариі.

Clearstream Қазақстандағы қолжетімділік арнасын ашатын бағалы қағаздардың алғашқы халықаралық депозитарийі саналады. "Ситибанк Қазақстан" АҚ ақша қаражатымен операциялар бойынша кастодиан банк және корреспондент банк болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу