Қазақстанның Олимпиададағы алғашқы жүлдегері миллионер атанды

1718

Александра Ле Париждегі Олимпиада ойындарында 80 мың доллар, яғни 37 миллион теңгеге жуық табыс тапқан. 

Қазақстанның Олимпиададағы алғашқы жүлдегері миллионер атанды Фото: olympic.kz

Қазақстандық спортшы Александра Ле Париждегі Олимпиада ойындарында екі спорт түрінен сәтті өнер көрсетіп, миллионер атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Александра Ле Ислам Сәтбаевпен бірге Қазақстан құрамасының Олимпиададағы алғашқы жүлдесін жеңіп алды. Олар пневматикалық мылтықпен 10 метрден ату бойынша үшінші орын иеленді. Сонымен қатар, Александра жекелей сында финалға өтіп, алтыншы орынға ие болды.

Заң бойынша Қазақстанда Олимпиада ойындарында қола жүлдеге 75 мың доллар көлемінде сыйақы беріледі. Ал алтыншы орын үшін спортшыларға 5 мың доллар көлемінде қосымша жарна төленеді. Осылайша, Александра Ле Париждегі Олимпиада ойындарында 80 мың доллар, яғни 37 миллион теңгеге жуық табыс тапқан.

Айта кетейік, 1 тамызда Александра үш позициядан мылтық ату (50 метр) бойынша сайысқа шығады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу