Машина жасау саласының бірқатар мәселелері мен проблемаларын шешу үшін Қазақстанда 2019-2024 жылдарға арналған машина жасауды дамыту жөніндегі жол картасы бекітілді, деп хабарлайды ИИДМ баспасөз қызметі.
Жол картасы арқылы отандық кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз ету, сатып алуда жергілікті мазмұнмен қамту үлесін арттыру, техникалық реттеу шараларын жетілдіру, экономикалық ынталандыру тетіктерін енгізу жөніндегі шараларды қамтитын қолдау шараларының кешенді пакеті көзделген.
2019 жылғы қаңтар-сәуір кезеңінде саладағы өндіріс көлемі 359,4 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,8%-ға жоғары. Өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 11%-ды, Қазақстанның жалпы өнеркәсібінде 4%-ды құрады.
ҚР ИИДМ жанынан Қазақстанның өнеркәсібін дамыту қоры құрылады. Мұндай қорлар Ресейде, Беларусьте және ЭЫДҰ елдерінде табысты жұмыс істеуде. Қор қызметінің тиімділігі сол өнеркәсіпті қолдаудың жалпы саясаты бір ұйымда шоғырланады.