2016 жылғы қаңтар-желтоқсанда 2015 жылмен салыстырғанда табиғи газ және түсті металл кендерінің өндірісі өсті. Тамақ өнімдерінің, фармацевтика және металлургия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі жоғарылады. Өнеркәсіптік өнімдерінің өндіріс көлемінің өсуі еліміздің 13 өңірінде байқалды, деп мәлім етті ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті.
Сонымен бірге, шикі мұнай, көмір және темір кендерінің өндірісі төмендеді. Сусындардың, химия өнеркәсібі өнімдерінің және автокөлік құралдарын жасау өнімдерінің өндірісі қысқарды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу