Қазақстанның өңірлерінде ұшақ жетіспейді

838

Қазақстанның өңірлерінде ұшақ жетіспейді

ҚР ИДМ азаматтық авиация комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы Тоты Әмірова әуе кемелерінің қандай түрі Қазақстанның өңірлеріне жетіспейтінін атап өтті, деп хабардайды ҚазАқпарат. 

Тоты Әмірованың айтуынша, жоғарғы әрі жеңіл авиацияда ұшақтардың жетіспеушілігі сезілмейді.

"Жоғарғы әрі жеңіл авиацияда ұшақтардың саны айтарлықтай артып келеді. Егер Роман Васильевич (ҚР ИДМ вице-министрі - авт.) осы авиациядағы ұшақтардың саны өткен жылы 602 болғанын атап өтсе, биыл олардың саны 662-ге жетті. Демек, айтарлықтай тез артып келеді", - дейді Тоты Әмірова.

Алайда Тоты Әмірова өз сөзінде аймақтық әуе кемелерінің саны аз екенін жеткізді.

"Қазақстанда аймақтық әуе кемелерінің жетіспеушілігі сезіледі. Облыс орталықтарынан хабарласып жатқанда және 15-20 шақты жолаушыны тасымалдаған кезде аймақтық әуе кемелері керек болып жатады", - дейді Тоты Әмірова.

Еске сала кетсек, ҚР ИДМ азаматтық авиация комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы Қазақстанда Ан-28 ұшағынан бар-жоғы жетеуі ғана қалғанын мәлім еткен болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу