Қазақстанның онлайн нарығы 287 млрд теңгеге бағаланды

765

Жиынтық өсімі 23,2 пайызды құраған.

Қазақстанның онлайн нарығы 287 млрд теңгеге бағаланды

2019 жылдың бастапқы айларындағы көрсеткіш бойынша Қазақстанның онлайн нарығы 287 млрд теңгеге бағаланып, жиынтық өсімі 23,2 пайызды құраған, деп хабарлайды 24.kz.

World Cellular Information Service мәліметі бойынша, қазіргі таңда қазақстандықтардың 76,4 пайызы интернетті пайдаланады. Сондай-ақ төлем карталарын пайдалану жағынан да еліміздің көрсеткіші өте қарқынды.

2019 жылдың 1 сәуірінде тіркелген дерекке сүйенсек, елімізде 24,4 млн төлем картасы тіркелген.

Ұлттық банктің хабарлауынша, төлемдердің көбі POS-терминал және мобильді банкинг жүйесі арқылы жүзеге асырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу