Қазақстан Республикасының басым бөлігінде ауырқысымды алқаптардың жылдам ауысуы жағдайында тұрақсыз күн райы сақталып, жауын-шашын, жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ, екпінді жел, тұман болжанып отыр.
"5 қарашада батыста, 6 қарашада солтүстікте, 6-7 қараша күндері республиканың шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын болжанып отыр. Тек 5 қарашада солтүстік және солтүстік-батыс облыстарда жауын-шашынсыз күн райы болады", — делінген "Қазгидромет" хабарламасында.
Республиканың шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында кезеңнің соңына қарай ауа температурасы төмендейді: түнде -3 градустан +5 градусқа дейін, таулы аймақтарда -8 градус, күндіз 0-7 градус аяз, таулы аймақтарда -2 градусқа дейін төмендейді.