Еліміздің оңтүстігінде үш орыс мектебі салынады деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Алексей Оверчук Қазақстан мен Ресейдің білім саласындағы ынтымақтастығына тоқталды. Оның ішінде еліміздің оңтүстігінде 3 орыс мектебінің құрылысы жоспарланып отырғанын жеткізді.
"Біз Қазақстанның оңтүстігінде орыс тілінде оқытатын үш мектептің құрылысы туралы талқылауға көштік. Ресейде 60 мыңнан аса қазақстандық студент білім алып жатыр. Соңғы кезде Қазақстанда ресейлік ЖОО-лардың филиалдары ашыла бастады. Мәселен, MИФИ Ұлттық ядролық зерттеу университетінің филиалы да бар", - деді Ресей вице-премьері.
Айта кету керек, осыған дейін Ресейдің қатысуымен Көкшетау, Семей және Өскеменде жылу электр орталықтары салынатынын жазған болатынбыз.