Бұл туралы ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық зерттеу институты" хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Мамандардың мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстаннан шамамен 853 шақырым қашықтықта, Ауғанстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай орналасқан.
Жер дүмпуі Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде әлсіз деңгейде сезілген.
Атап айтқанда, Шымкент қаласы мен Түркістан және Жамбыл облыстарының бірқатар елді мекендерінде дүмпу күші 2 балл шамасында болған.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, зардап шеккендер мен қираулар тіркелген жоқ.
Мамандар жағдайды бақылауда ұстап отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу