Қазақстанның оңтүстігіндегі Шардара су электр стансасы жүктемені 0 МВт-қа дейін төмендетті - Самұрық-Энерго

1562

Сыртқы байланыс желілері ажыратылды. 

Қазақстанның оңтүстігіндегі Шардара су электр стансасы жүктемені 0 МВт-қа дейін төмендетті - Самұрық-Энерго

Қазақстанның оңтүстігіндегі Шардара ГЭС-і сыртқы байланыс желілерінің ажыратылуына байланысты жүктемені 30 МВт-тан 0 МВт-қа дейін төмендетті, деп хабарлайды inbusiness.kz "Самұрық-Энерго" АҚ баспасөз қызметіге сілтеме жасап.

"Шардара ГЭС" АҚ сыртқы байланыс желілерінің тоқтап қалуына байланысты жүктемені 30 МВт-тан 0 МВт-қа дейін төмендетті", – деп жазылған баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 25 қаңтар Қазақстанның энергетика жүйесінің солтүстік және оңтүстік бөліктерімен байланыстыратын жоғары вольтты электр желілерінің апатты түрде тоқтатылуына байланысты Алматы, Шымкент, Тараздың бірқатар аудандарында жарық сөнген. Оқиғаның себептері анықталуда.

"АлЭС" АҚ және "Мойнақ СЭС" электр стансалары жүктемені сақтап, қазіргі уақытта жүйелік оператордың тапсырысы бойынша қуаттылығын арттырып жатқаны белгілі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу