Еліміздің геологтары Қазақстанның оңтүстік аудандарының бірінде мұнай барын анықтады, деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев.
"Оңтүстік өңірде мұнай байқалды. Бұл Қазақстанның оңтүстігінде барлау жүргізу керек дегенді білдіреді. Барлау кезінде мұнай пленкасы табылды. Бұл қазір бұрғылау және іздеу жұмыстарын жүргізу керек дегенді білдіреді", – деді Мағзұм Мырзағалиев дүйсенбі күні.
Мұнай Түркістан облысындағы Қаратау учаскесінде байқалған. Оның айтуынша, жұмысты "Қазгеология" АҚ жүргізген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу