Қазақстанның орнықтылық қоры табысының барлығын мемлекетке аударды

680

Қор 27,7 млрд теңге табысын дивидендтер төлеуге бағыттады.

Қазақстанның орнықтылық қоры табысының барлығын мемлекетке аударды

"Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ (Fitch, "BBB" / "Тұрақты" болжамы, бұдан әрі - ҚОҚ)  27,7 млрд теңге табысты дивидендтер төлеуге бағыттады. Бұл туралы қордың Сыртқы коммуникациялар қызметі хабарлады.

Төлем ҚОҚ акционері – Ұлттық Банк алдындағы міндеттемелерін орындау аясында, сондай-ақ Қазақстан Үкіметінің "Мемлекеттік акциялар пакетінің дивидендтері және ұйымдардағы мемлекеттік акциялар бойынша кірістер туралы" қаулысына сәйкес жүзеге асырылды.

Айта кетсек, ҚОҚ – Ұлттық банктің еншілес ұйымы. Негізгі міндеттері: банк секторының қаржылық тұрақтылығына ықпал ету; ипотекалық тұрғын үй заемдарының қол жетімділігін қамтамасыз етуге қатысу; ипотекалық тұрғын үй заемдарын (ипотекалық қарыздар) қайта қаржыландыру тетігін іске асыруға қатысу; басым жобаларды несиелеу механизміне қатысу; Қазақстан Республикасы азаматтарының қарыздық жүктемесін азайту жөніндегі шараларды іске асыруға қатысу.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу