Қазақстанның Орта Азия елдерімен сыртқы саудасы 25%-ға артты

636

Бұл 2021 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда, 25 пайызға көп.

Қазақстанның Орта Азия елдерімен сыртқы саудасы 25%-ға артты Фото: Ашық дереккөзден

Өткен жылдың қорытындысы бойынша, еліміздің көршілес мемлекеттермен сыртқы саудасы 8 миллиард АҚШ долларына жуықтаған, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Бұл 2021 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда, 25 пайызға көп.

Бүгінде Қазақстан тұрақты жеткізуші, сенімді әріптес ретінде Орта Азия елдерінің азық-түлік қауіпсіздігін өз мойнына алды. Бұған дүние жүзіндегі геосаяси жағдай, нақтырақ айтқанда, Ресей-Украина соғысының да тікелей әсері бар. Мәселен, 2021 жылға дейін Украина бүкіл әлемдегі бидайға сұраныстың 3/1 бөлігін жауып отырған еді. Енді бұл өнімнің сыртқа шығуы қиындап кеткендіктен, нарықтың басым бөлігін Қазақстан қамтуға көшті. Былтыр Орта Азияға жалпы құны 1,3 млрд доллар болатын қазақстандық бидай өнімі саудаланған. Алыс-берісті дамытудың ендігі жолдары "Astana Finance days" халықаралық форумында талқыланбақ.

"Геосаяси жағдайға байланысты Сауда министрлігі қазақстандық бидай ғана емес, өңделген өнімдерді жаңа нарыққа шығару бойынша үлкен жұмыс бастап кетті. Ол үшін сауда-экономикалық миссиялар ұйымдастырылады, келіссөздер жүргізіледі. Болмаса кәсіпкерлерді сол елдің кәсіпкерлерімен кездесу ұйымдастырылады", - деді "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы бас директорының орынбасары Нұрлан Құлбатыров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу