Қазақстанның өзіне тиесілі коды болуы керек - Бағдат Мусин

540

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазақстанның телефон кодын өзгерту жұмыстары туралы айтты. 

Қазақстанның өзіне тиесілі коды болуы керек  - Бағдат Мусин

"+7 кодын Ресей Федерациясымен және Оңтүстік Осетиямен бөлісеміз. Қазақстанның өзіне тиесілі коды болуы керек деген бастаманы мен көтерген едім. Бұл ешқандай да геосаяси оқиғалармен байланысты емес, мен мұны 2020 жылы министрлік басшылығына жаңадан келгенімде көтергенмін", - деді Б. Мусин Үкімет кулуарында тілшілерге берген сұхбатында.

"Бұрын біз көлікті жалпы сенімхат бойынша сататынбыз. Біздің +7 аймағында болғанымыз жөнінде қандай да бір жалпы сенімхат бар. Сондықтан, Халықаралық телекоммуникация одағының бізге жеке қазақстандық кодты беруіне бастамашы болдым. Жақында тағы да Халықаралық телекоммуникация одағына бардым, алдағы уақытта жаңалық жарияланады. Менің қандай да бір ақпаратты жариялауға құқығым жоқ, өйткені біз бұл жұмысты жүргізіп жатырмыз. Бұл жұмыстар аяқталған бойда Қазақстанды жақсы жаңалықтар күтіп тұр деп ойлаймын. Жыл соңына дейін шешім жарияланады", - деді Бағдат Мусин.

Еске сала кетсек, өткен жылы министр Қазақстанда +997-ден басталатын жаңа телефон коды берілгенін хабарлаған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу