Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ШЫҰ мүше мемлекеттердің үкімет басшыларының Қырғызстан Республикасының президенті Алмазбек Атамбаевпен ұжымдық кездесуіне қатысты, деп хабарлайды pm.kz.
Кездесу барысында қатысушылар ШЫҰ мүше мемлекеттердің үкімет басшыларының кеңесі алдындағы күн тәртібі мен көпжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.
Еске сала кетейік, ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Бішкекке бүгін өтетін ШЫҰ мүше мемлекеттердің үкімет басшыларының кеңесіне қатысуға келген болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу