Қазақстанның Ресей мен Беларусьтегі елшілігі шетелдіктерге ЖСН беруді тоқтатты

342

1 қаңтардан бастап бұл қызмет қолжетімсіз болады.

Қазақстанның Ресей мен Беларусьтегі елшілігі шетелдіктерге ЖСН беруді тоқтатты Фото: pozdrahub.ru

Қазақстанның Ресей мен Беларусьтегі елшіліктерінде шетелдіктерге ЖСН беру бойынша пилоттық жоба аяқталды. Тиісті ақпарат дипмиссиялардың сайтында пайда болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ресейдегі елшілігіміздің сайтында бұл уақытша шешім екені айтылады. Әрі бұл пилоттық жобаның қолданылу мерзімінің аяқталуымен байланысты. Осыған дейін оны 2025 жылдың соңына дейін ұзарту ұсынылған болатын. Дипмиссия ЖСН-ға қатысты қосымша ақпарат елшіліктің сайтында жарияланатынын айтты.

Қазақстанның Беларусьтегі елшілігі де "Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы шетел азаматтарына жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру" мемлекеттік қызметін көрсету жөніндегі пилоттық жоба 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін іске асырылатынын хабарлады. 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап аталған қызмет көрсетілмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу