Қазақстанның Ресейдегі елшісі Ермек Көшербаев Орынборға барды

700

Қазақстанның Ресейдегі елшісі Ермек Көшербаевтың Орынборға жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды inbusiness.kz.    

Қазақстанның Ресейдегі елшісі Ермек Көшербаев Орынборға барды Фото: gov.kz

Облыс губернаторы Денис Паслермен кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері талқыланды. Келіссөздерге ҚР сауда және интеграция Вице-министрі Қайрат Төребаев пен Орынбор облысы үкіметінің өкілдері қатысты. Сонымен қатар, аймақ басшысына консулдық округіне Орынбор облысы кіретін Қазақстан Республикасының Астраханьдағы жаңа бас консулы Ардақ Мәдиев таныстырылды.

Қазақстан-Ресей шекарасының 1876 шақырымын құрайтын ең ұзын аумағы орналасқан Орынбор облысы екі елдің өңіраралық ынтымақтастығында ерекше орын алады. Тараптар Қазақстан өңірлері мен Орынбор облысы арасындағы тауар айналымының оң өзгерісін атап өтті. Ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларында бұл көрсеткіш 300 миллион долларға жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5 есеге жоғары.

Екіжақты сауда қатынасының дамып жатқандығы, сонымен қатар, экономикалық байланыстарды одан әрі кеңейту, инвестициялық ынтымақтастық пен өнеркәсіптік кооперацияны арттыру, өзара тиімді жобаларды іске асыру үшін ресурстар бар екендігі атап өтілді.

Сапар аясында Елші "Даңқтың мәңгілік алауы" мемориалына гүл шоқтарын қойып, Орынбор губернаторының тарихи-өлкетану мұражайын аралады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу