Қазақстанның Ресейге қарызы көбейді

558

Ұлттық банк деректеріне сәйкес, 1 шілдедегі жағдай бойынша еліміздің сыртқы қарызы 164,2 млрд долларды құрайды. 

Қазақстанның Ресейге қарызы көбейді Фото: liter.kz

Бұл 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,5%-ға төмен.

Алайда бір жыл ішінде Ресейге қарызы 88,6%-ға ұлғайған, деп жазады inbusiness.kz LS басылымына сілтеме жасап.

Қазақстан ең көп қарыз алған мемлекет – Нидерланды Королдігі. Бір жылда берешек сомасы 7,4%-ға қысқарған. Екінші орында Ресей тұр. Жалпы қарыз сомасы 18,3 млрд доллар, бір жылда солтүстіктегі көршімізден 88,6%-ға көп қарыз алған.

Үшінші орында Ұлыбритания тұр, борыштың жалпы сомасы 16,9 млрд доллар. Бір жыл ішінде қарыз сомасы 27,4%-ға азайған. Төртінші орында – АҚШ, қарыз көлемі 8%-ға азайған, жалпы сома 12,5 млрд долларды құрайды.

Сыртқы қарыз көлемі аз да болса азайғанымен, халықаралық ұйымдар алдындағы қарыз 7%-ға өсіп, 12,2 млрд долларды құрады. Қытайға қайтаратын қарыз 2%-ға азайып,9,9 млрд долларға түскен.

Қазақтан ең аз қарыз алған елдер қатарында Вьетнам, Кения, Ливия, Пәкістан және Ауғанстан елдері бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу