Жыл басынан Қазақстаннан Ресейге тауар экспорты 30 пайызға азайды. Оның ішінде темір рудаларын тасымалдау 62,4 пайызға кеміді. Алайда, компьютер мен ноутбуктардың экспорты артқан.
Жыл басынан көрші елге мониторлар мен проекторлардың экспорты 746 есе өсіп, 596 тоннаға жеткен. Ал, химиялық элементтердің тасымалы 2,2 есе өскені белгілі болды. Айта кетейік, бірінші сәуірден елімізде тауар айналымын бақылауда ұстайтын онлайн-жүйе іске қосылды. Бұл Ресейге салынған санкцияны айналып өтуге тосқауыл болмақ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу