Қазақстанның сейсмологтары Қырғызстандағы жер сілкінісін тіркеді

460

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 470 шақырым жерде тіркелген.  

Қазақстанның сейсмологтары Қырғызстандағы жер сілкінісін тіркеді Фото: azattyq-ruhy.kz

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ЖШС станциялары бүгін Алматы уақытымен сағат 10:46-да жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 470 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында орналасты. 

Энергетикалық санаты – 11.2. 

MPV магнитудасы – 5.1. 

Тереңдігі – 10 шақырым. 

МSК-64 бағаны бойынша сезілгені туралы мәлімет жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу