"Қазақстан инжиниринг" және Sierra Nevada американдық компаниясы 150 млн АҚШ доллары көлеміндегі Қазақстандағы аймақтық авиациялық ұшақтарды құрастыру бойынша жобаны жүзеге асырудағы ынтымақтастық туралы ниет хатына қол қойды, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.
Тараптар құжатқа Астанада өтіп жатқан қазақстан-америкалық бизнес форумында қол қойды.
"Жобаны жүзеге асыру мерзімі 5 жылға жоспарланған, оның жалпы құны $150 млн", - дейді Kazakh Invest-тің инвестицияларға алдын-ала қолдау көрсету жөніндегі директоры Жандос Темірғали.
"Ұшақ 40 орынға шақталған. Бұл ұшақтар Қазақстанның шағын қалаларын байланыстыруға мүмкіндік бермек", - дейді ол.