Қазақстанның шахматшы қыздары 150 елдің арасында 9-орында келе жатыр

1674

Ерлер арасындағы Қазақстан құрамасының жеңіске жетуі екіталай. Спортшылар рейтинг-тізімде 183 елдің ішінен 34-орында тұр. 

Қазақстанның шахматшы қыздары 150 елдің арасында 9-орында келе жатыр

Қазақстанның шахматшы қыздары 23 қыркүйекте Батумиде өтетін Шахмат олимпиадасына дайындық жүргізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат express-k.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан әйелдер арасындағы рейтинг-тізімде 150 елдің ішінен 9-орынға табан тіреді. Тек  Ресей, Грузия, Үндістан, Қытай және Украина елдері бізден сәл ғана жоғары орналасқан. Еліміздің шахматшылары неміс, француз және поляк спортшыларымен тең дәрежеде келе жатыр. Әйелдер құрамасында Жансая Әбдімәлік, Динара Садуақасова, Гулісхан Нахбаева және Гүлмира Дәулетова сынды шахматшылар бар. Елдің бес дүркін чемпионы, шымкенттік шахматшы Гүлмира Нахбаева тұрмыс құрып, балалы болғаннан кейін спорттан уақытша шеттетілген еді. Алайда жақында ғана ФИДЕ рейтингінде 2400 ұпай жинап, ерлер арасында халықаралық шебер атағын жеңіп алды.

Айта кету керек, ерлер арасындағы Қазақстан құрамасының алдағы Олимпиадада жеңіске жетуі екіталай. Спортшылар рейтинг-тізімде 183 елдің ішінен 34-ші орында тұр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу