ҰҚК әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қазақ-ресей шекарасындағы өткізу пунктерінің жабылуы туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Қазақстанның өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Мемлекеттік шекара арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу Қазақстан Республикасының заңнамалары мен халықаралық келісімдеріне сәйкес іске асырылуда. Ресейлік тараптан өткізу пункттерінің жабылуы туралы ресми ақпарат түскен жоқ", – делінген комитеттің хабарламасында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу