Қазақстанның шикізаттық емес экспорттың көлемі 1,5 есеге артады

1414

Қазақстанның экспортқа шығу үшін әлеуеті бар тауар позициялары айқындалған.

Қазақстанның шикізаттық емес экспорттың көлемі 1,5 есеге артады

2022 жылға қарай Қазақстанның шикізаттық емес экспорттың көлемі 1,5 есеге артады. Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев осылай деді, деп хабарлайды

"Өткен жылдың қорытындысы бойынша Ресеймен сауда айналымының үлесі Қазақстандағы жалпы сауданың 19,5% яғни, 18,5 млрд АҚШ долларын, Қытаймен  – 12,3% 11,7 млрд АҚШ долларын құраса, ал Өзбекстан, Қырғызста және Түрікменстан елдерімен 2 млрд АҚШ долларына жетті", – деді вице-министр.

Қайрат Төребаевтың баяндауынша, министрлік шикізаттық емес экспортты жандандыру мақсатында жеткізілетін тауарлар мен қызметтердің түрлерін кеңейту бойынша жұмыстар жүргізуде. Нәтижесінде, Қазақстанның экспортқа шығу үшін әлеуеті бар тауар позициялары айқындалған. Қазақстандық кәсіпорындар экспортты Ресейге – 87 тауар позициялары бойынша, Қытайға – 60, Қырғызстанға – 70, Түрікменстанға – 48, Өзбекстанға 70 тауар бойынша арттыра алатын бірқатар тауарлық позициялар анықталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу