Қазақстанның шығысы мен солтүстігі қалай газдандырылады

980

Бұл сұраққа үкімет отырысында Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Қазақстанның шығысы мен солтүстігі қалай газдандырылады

"Бүгінгі таңда елді газдандыру үлесі 54,3%-ды құрап отыр. Нәтижесінде 10,2 млн адам газға қол жеткізді. 2025 жылға дейін елді газдандыру үлесі 60%-ды құрауы керек. Бұл 11,7 млн адамның газға қол жеткізуіне мүмкіндік береді", – деді Мағзұм Мырзағалиев.

Министрдің мәлімдеуінше, "Сарыарқа" магистральдік газ құбыры Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Теміртау, Жезқазған қалаларының 70 мыңға жуық үйін газбен қамтамасыз етуге жағдай жасайды. Ал Ақмола облысында 13 жоба іске асырылып, 16 мың үй газбен қамтылады. 

"Петропавл, Көкшетау, Өскемен, Семей, Павлодар қалалары әзірше газдандырылмаған. Аталған қалаларды газбен қамтамасыз етудің келесідей жолдары бар. Атап айтсақ, "Сарыарқа" магистральдық газ құбырын жалғастыру немесе Ресей Федерациясынан магистральдық газ құбырларын тарту. Жыл соңына дейін "Газпром" мен "ҚазТрансГаз" еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерін газдандыру бойынша есептеу жүргізіп, тиімді нұсқасын әзірлейді", – деді министр. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу