Қазақстанның шығысында әуе қатынасы жаңа деңгейге көтеріледі

90

Жобаны іске асырудың қорытынды кезеңдерінің бірі – Қазақстанның авиациялық әкімшілігі жүргізіп жатқан Зайсан аэродромын сертификаттау рәсімінің басталуы.

Қазақстанның шығысында әуе қатынасы жаңа деңгейге көтеріледі Фото: Көлік министрлігі

Көлік вице-министрі Талғат Ластаев пен Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Баяхметов салынып жатқан Зайсан және Катонқарағай әуежайларына барды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Зайсан әуежайында ұшу-қону жолағының, перронның, рульдеу жолының, кірме жолдардың және негізгі инженерлік желілердің құрылысы, сондай-ақ жарық-сигналдық және радионавигациялық жабдықтарды орнату жұмыстары аяқталды. Қазіргі уақытта әуежай инфрақұрылымы нысандарының ғимараттарында әрлеу жұмыстары, жабдықтарды монтаждау және іске қосу-баптау жұмыстары жалғасуда.

Катонқарағай әуежайында да ұшу-қону жолағының, перронның, рульдеу жолының және блокты-модульдік қазандықтың құрылысы, сондай-ақ республикалық маңызы бар автомобиль жолын көшіру жұмыстары аяқталды.

Қазіргі уақытта инженерлік желілерді тарту, тазарту құрылыстарын салу, әуежай инфрақұрылымы нысандарының ғимараттарын әрлеу және аэронавигациялық жабдықтарды монтаждау жұмыстары жалғасуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу