Қазақстанның шығысында ірі жол жобасы аяқталды

88

Қазақстан мен Қытай шекарасында орналасқан "Майқапшағай" өткізу пунктіне баратын жол қайта жаңғыртылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстанның шығысында ірі жол жобасы аяқталды Фото: видеодан алынған кадр

Еліміздің шығыс өңірін басып өтетін күре жолға Президенттің тапсырмасымен ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде екі жолақтан 6 жолаққа дейін кеңейтілген магистраль Қазақстан, Ресей және Қытай арасындағы транзиттік байланысты нығайтуға бағытталған. Ол Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық дәлізінің мағызды буыны.

Бұл елдегі ең ірі жобалардың бірі. 415 шақырым жаңа жолды төсеуге 2 мыңға жуық маман тартылған.

Инженерлер сапаға үлкен мән берілгенін айтады. Бүгінгі таңда Қалбатау-Майқапшағай тас жолы көліктердің қатынуы мен жүктердің ағынын қабылдауға дайын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу