Қазақстанның СІМ басшысы Ташкентте Өзбекстанның жаңадан сайланған президентімен келіссөз жүргізеді

889

Қазақстанның СІМ басшысы Ташкентте Өзбекстанның жаңадан сайланған президентімен келіссөз жүргізеді

Қазақстанның сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов 22 желтоқсанда жұмыс сапарымен Ташкентке барады, деп хабарлады сейсенбіде Өзбекстанның СІМ баспасөз қызметі.
"Сапар барысында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Қазақстанның СІМ басшысымен кездеседі, сондай-ақ Сыртқы істер министрлігінде екіжақты келіссөз өтеді", – делінеді баспасөз қызметінің хабарламасында.
Қазақстан  Өзбекстанның маңызды сауда әріптестерінің бірі, оған  республиканың аймақтағы елдермен тауар айналымының айтарлықтай бөлігі тиесілі.  2015  жылдың қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымының көлемі 3 млрд долларды құрады. Тараптар  алдағы уақытта бұл көрсеткішті 5 млрд долларға дейін жеткізуді көздейді.
Бұған дейін премьер-министр қызметін атқарған Ш.Мирзиеев, 4 желтоқсандағы президент сайлауының қорытындысы бойынша Өзбекстан президенті атанды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу