Қазақстанның Словакиядағы тұңғыш елшісі сенім грамоталарын тапсырды

1061

Қазақстанда словак үлесі бар 40-тан астам компания бар.

Қазақстанның Словакиядағы тұңғыш елшісі сенім грамоталарын тапсырды

Роман Василенко резиденциясы Братиславада орналасқан Қазақстанның осы елдегі тұңғыш төтенше және өкілетті елшісі ретінде Словак Республикасының Президенті Зузана Чапутоваға сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Тапсыру салтанатынан кейінгі сұхбат барысында екі ел арасында әлі толыққанды іске қосылмаған ынтымақтастықтың әлеуеті сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ықпалдастық пен адамдар арасындағы байланыстарды нығайту саласында жатқаны атап өтілді. 

Қазіргі таңда Қазақстанда словак үлесі бар 40-тан астам компания қызмет етуде. Өзара іс-әрекеттестіктің айтарлықтай перспективалары инжиниринг, қорғаныс өнеркәсібі, энергетика, IT, фармацевтика, ауыл шаруашылық өнімдерді қайта өңдеу және тағы басқа салаларда байқалуда. Сонымен қатар биылғы жылғы 1 наурыздан бастап Қазақстан мен Еуропалық Одақ және оған мүше-мемлекеттер арасындағы кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімнің толық күшіне енуі тұрғысында екі елдің өзара іс-әрекеттестігін күшейту үшін қолайлы перспективалардың пайда болатыны да ерекше аталды.

Өз кезегінде Президент З. Чапутова Қазақстанның Братиславадағы елшілігінің ашылуының позитивтік мәнін айта келе, елдеріміз арасындағы соңғы жылдардағы ынтымақтастықтың қарқыны одан әрі күшейе беретініне үміт білдірді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу