Бүгін Қазақстанның солтүстік өңірлерінде ауа температурасы төмендеп, топырақ бетінде үсік жүруі мүмкін. Елдің оңтүстігі мен солтүстігінде жаңбыр жауады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Астанада күн бұлтты болып, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде ауа температурасы +2,+4°C, топырақ бетінде үсік күтіледі. Күндіз +12,+14°C болады.
Алматыда бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 3-8 м/с, екпіні 15 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +15,+17°C, күндіз +21,+23°C.
Шымкентте күн ала бұлтты, жауын-шашын болмайды. Түнде +16,+18°C, күндіз +27,+29°C жылы болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу