Қазақстанның Сот әкімшілігінде жаңа тағайындаулар болды

500

Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстанның Сот әкімшілігінде жаңа тағайындаулар болды Фото: tengrinews.kz

Жоғарғы Сот ҚР Сот әкімшілігі болып қайта құрылды. Осыған байланысты ведомствода бірқатар тағайындаулар жасалды, деп жазады inbusiness.kz.

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүргізіліп жатқан сот реформасы судьялар корпусын және сот төрелігін іске асыруға ғана емес, сондай-ақ сот әкімшілігіне де қатысты. Сот әкімшілігі уәкілетті орган ретінде сот әкімшілігі саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруды дербес жүзеге асыратын болады", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров жаңа орынбасарларын таныстырды.

Басшының бірінші орынбасары болып Нұрсұлтан Байтілесов, орынбасарлары болып Елдос Жұмақсанов, Асылбек Мүсірәлінов және Жантемір Шәкиев тағайындалды. Оларды Президент Әкімшілігінің келісімімен Жоғарғы Соттың Төрағасы тағайындады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу