Қазақстанның спорт жұлдыздары Құрылтай сайлауында өз таңдауын жасады

257

Ел спортының биігін бағындырған Михаил Шайдоров пен Назым Қызайбай да ел өміріндегі маңызды саяси үдеріске қатысып, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстанның спорт жұлдыздары Құрылтай сайлауында өз таңдауын жасады Фото: коллаж

Қазақстан спортының жаңа буынын танытып жүрген Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Алматының Самал-2 шағынауданындағы №382 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.

Биыл спортшы мансабындағы ең биік белесті бағындырып, қысқы Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды. Ол Олимпиада тұғырының жоғары сатысына көтеріліп, Қазақстанның көк туын көкке көтерді.

Ал Париж Олимпиадасының жүлдегері, бокстан үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай Құрылтай депутаттарының сайлауында дауыс берді. Даңқты боксшы Алматы облысының Жаңашар ауылындағы Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектепте орналасқан сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.

"Мен үшін сайлауға қатысу – азаматтық ұстанымымды білдіріп, ел болашағына үлес қосудың мүмкіндігі. Әр азамат өз таңдауының маңызды екенін түсінуі керек. Бүгін сайлау учаскесіне келіп, азаматтық борышымды өтедім", – деді Назым Қызайбай.

Қазіргі уақытта Алматы облысында оқу-жаттығу жиынында жүрген спортшы сайлауға қатысу үшін алдын ала есептен шығару куәлігін алған. Оның айтуынша, ол қоғамдағы маңызды оқиғалардан шет қалмауға тырысады және сайлауға тұрақты түрде қатысып келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу