Биыл 800 мың гектарға жуық егіс алқабын суаруға 7,6 млрд текше метр су жіберілмек, деп жазады Inbusiness.kz сайты.
"Қазақстанның 6 өңірінде – Алматы, Түркістан, Қызылорда, БҚО, ШҚО және Жетісу облыстарында "Қазсушар" филиалдары 600 шақырымнан астам каналды механикалық әдіспен тазалайды. Сонымен қатар, жөндеу жоспарланған 400 астам гидробекеттің 102-і жөнделді. Қазақстанның су қоймаларында 75 млрд текше метр су жиналды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 15 млрд текше метрге артық. Су қоймаларында жиналған судың 12 млрд астамы тасқын суы", - деді ведомствоның ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу