Қазақстанның су қоймаларындағы ахуал қандай?

572

Ақмола мен Солтүстік Қазақстан облыстарындағы ірі су қоймалары 100%-ға толды.

Қазақстанның су қоймаларындағы ахуал қандай? Фото: Қазсушар

Су ресурстары және ирригация министрлігі еліміздегі су қоймаларындағы жағдай туралы хабарлады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Ақпаратқа сәйкес, Батыс Қазақстан облысының төрт ірі су қоймасы 92%-ға толды. Олардың барлығы штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Аймақта су тасқынының екінші кезеңі жалғасып жатыр.

"Ақмола облысында екі ірі су қоймасы 100%-ға толы. Екі нысан да штаттық режимде жұмыс істейді. Өңірде су тасқынының белсенді кезеңі өтті.

Солтүстік Қазақстан облысында 2 ірі су қоймасы 100%-ға толы. Нысандар транзиттік режимде жұмыс істейді. Есіл өзеніндегі су тасқынының екінші кезеңі жалғасып жатыр. Су ағыны төмендеп жатыр.

Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 96%. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Өңірде су тасқынының белсенді кезеңі өтті.

Шығыс Қазақстан облысында екі ірі су қоймасы бойынша орташа су жинау көрсеткіші 83,6%", - делінген ведомство таратқан хабарламада. 

Абай облысында Шүлбі су қоймасы 48,6%-ға толды. Аймақта су тасқыны жалғасуда. Шүлбі су қоймасына бүйірлік салалардың ұлғаюына байланысты Ертіс өзеніне су ағыны жалғасуда.

Қарағанды облысында 3 ірі су қоймасы 99%-ға толы. Олардың барлығы штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Аймақта су тасқынының белсенді кезеңі өтті.

Қостанай облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 92%. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Аймақтағы су тасқынының белсенді кезеңі өтті.

"Су қоймаларында "Қазсушар" мамандарының кезекшілігі және су шаруашылығы жағдайының мониторингі жалғасып жатыр. Су қоймаларында жиналған тасқын суы ауылшаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдалану үшін жіберіледі", - деп хабарлады Су ресурстары және ирригация министрлігі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу