Қазақстанның Сыртқы істер министрі БҰҰ-дағы Болашақ саммитінде сөз сөйледі

182

Министр климаттың өзгеруі және ядролық қауіп сияқты заманауи жаһандық сын-қатерлерді еңсеру үшін БҰҰ жүйесін жан-жақты реформалау қажет екенін атап өтті. 

Қазақстанның Сыртқы істер министрі БҰҰ-дағы Болашақ саммитінде сөз сөйледі Фото: Cыртқы істер министрлігі

Қазақстанның Сыртқы істер министрі БҰҰ-дағы Болашақ саммитінде сөз сөйледі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу БҰҰ Бас Ассамблеясының 79-шы сессиясы шеңберінде өткен Болашақ саммитінде сөз сөйледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ол өз сөзінде көпжақты ынтымақтастықтың, БҰҰ реформасының және климаттың өзгеруі, ядролық қауіпсіздік және цифрлық трансформация сияқты сын-қатерлерді шешуге бағытталған жаһандық күш-жігердің маңыздылығын атап өтті.

Қазақстанның БҰҰ Бас хатшысының бастамаларын және Болашақ саммитінің барлық негізгі құжаттарын толық қолдайтынын растай отырып, "Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше барлық елдермен және оның институттарымен біздің планетамыз және бүкіл адамзат үшін де жарқын болашақты қамтамасыз етуде күш біріктіру үшін бүгін Қазақстан осында тұр", – деді М.Нұртілеу.

Сонымен қатар, министр климаттың өзгеруі және ядролық қауіп сияқты заманауи жаһандық сын-қатерлерді еңсеру үшін БҰҰ жүйесін жан-жақты реформалау қажет екенін атап өтті. Бұл үдерісте халықаралық институттардағы орта державалар мен дамушы елдердің дауыстарын күшейту маңызды рөл атқаруы тиіс.

"Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, орта державалар мен дамушы әлемнің дауыстары күшейтіліп, Қауіпсіздік Кеңесінде анық естілуі тиіс. Геосаяси дүрбелең мен экономикалық белгісіздік кезеңінде әлемге дипломатия мен диалог қажет", – деп атап өтті М.Нұртілеу.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу