Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қытайға ресми сапармен барды

144

2024 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы сауда көлемі 43,82 миллиард АҚШ долларға тең.

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қытайға ресми сапармен барды Фото: gov.kz

Сапар барысында министр Ермек Көшербаев сейсенбі күні Бейжіңде Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитеті Саяси бюросының мүшесі, ҚХР Сыртқы істер министрі Ван Имен кездесу өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

2025 жылдың алғашқы сегіз айында Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,7 пайызға өсіп, 30,68 миллиард АҚШ долларына жетті.

 "Қазақстан мен Қытай басшыларының жеке достық байланыстары мемлекетаралық қатынастарды үздіксіз дамытуға берік негіз болуда. Биыл көшбасшыларымыздың мағыналы өзара сапарлары мен олардың аясында жүргізілген келіссөздері қазақ-қытай ынтымақтастығын бұрын-соңды болмаған деңгейге көтергені сөзсіз", – деді  министр.

Сапар барысында ол Бейжіңдегі Қазақстанның мәдени орталығына барып, оның қазақ мәдениеті мен тілін насихаттау, сондай-ақ екі ел арасындағы гуманитарлық байланыстарды дамыту бағытындағы жұмыстарымен танысты.

Ал кездесу соңында тараптар сыртқы саяси ведомстволардың өзара іс-қимылын үйлестіруді жалғастыруға, сондай-ақ БҰҰ, ШЫҰ, АӨСШК, "Орталық Азия – Қытай" және басқа да көпжақты форматтар аясындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екендерін білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу