Қазақстанның сыртқы қарызы – $156,8 млрд

1426

Осы жылдың басында Қазақстанның жалпы сыртқы қарызы 156 млрд 802 млн доллар болған. Бұл – Ұлттық банктің ресми ақпараты.

Қазақстанның сыртқы қарызы – $156,8 млрд

Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, өткен жылы борыш мөлшері 158 млрд 800 млн доллар болған. Яғни, шетелдерден алған алашақ шамамен 1,3 пайызға азайған, деп хабарлайды Atameken Business..

Айта кетсек, мемлекеттік қарыз бен жалпы сыртқы қарызды бір деп қарамау керек. Себебі, мемлекеттік қарыз – ол Үкімет пен Ұлттық банктің шетелден қарызға алған ақшасы. Ал жалпы қарыз ол – Қазақстандағы компаниялардың, кәсіпорындардың, екінші деңгейлі банктердің берешегі. Сондықтан біз тек мемлекеттің  сыртқы қарызы туралы айтпақпыз.

Қазақстанның мемлекеттік қарызы – 17,7 трлн теңге

Тэйк-профи халықаралық биржалық порталда жарияланған ақпаратқа қарасақ, Қазақстанның мемлекеттік қарызы жалпы ішкі өнімнің 25,5 пайызына тең, яғни, 18,079 млрд доллар. Теңгеге шаққанда – 17 трлн 700 млрд.  65 елдің ішінде 45-орындамыз. Демек. Халықаралық қаржы ұйымдарынан қарыз алатын біз ғана емес, өзге елдер де бар. Әрі біздің де бірқатар мемлекетке берген ақшамыз жетерлік. Ендеше сыртқы қарызды кешіру немесе уақытша тоқтат тұру қаншалықты дұрыс? Әлде Қазақстанның экономикасы тым нашарлап кетті ме? Бұл сұрақтың жауабын экономист-сарапшылардан білеміз. Скайп арқылы байланысқа шыққан сарапшылар – Меруерт Махмұтова және Мақсат Халық:

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу