Қазақстанның сыртқы қарызы $35,6 млрд-қа жетті

1183

Қазақстанның сыртқы қарызы 35 млрд 600 млн долларға жетті, деп хабарлайды Atameken Business.   

Қазақстанның сыртқы қарызы $35,6 млрд-қа жетті

Бұл былтырғыдан 2 млрд-қа артық. Берешектің басым бөлігі, яғни  13,8 млрд доллар – мемлекеттік басқару және қорғаныс секторына тиесілі. Ал ғылыми, техникалық сала бойынша міндеттемелер 9 млрд доллардан асады. Үшінші орында қаржы және сақтандыру саласы. Бұл бағыттағы борыш 4,4 млрд долларды құрайды.

 Ал жалпы берешектің қомақты үлесі банктерге тиесілі – 20,1 млрд доллар. Одан кейінгі сатыда мемлекеттік басқару секторы тұр. Ондағы қарыз – 13,8 млрд доллар. Ал Ұлттық Банктің берешегі – 1,3 млрд долларды құраса,  фирмааралық қарыздың көлемі 215 млн долларға тең.

 Елдер бөлінісінде берешектің ең көп үлесі Ұлыбританияға тиеселі. Тұманды альбионға 19 млрд доллар қайтаруымыз керек. Екінші орында Халықаралық ұйымдар алындағы қарыз. Оның көлемі – 8,5 млрд доллар болса, Қытайға -  4,9 млрд , Ресейге – 973 млн, ал Жапонияға -554 млн доллар қарызбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу