Қазақстанның сыртқы қарызы азайды

2469

Қазақстанның сыртқы қарызы 2,3 пайызға төмендеді.

Қазақстанның сыртқы қарызы азайды

Ұлттық банк ұсынған мәліметке сүйенсек, қазіргі таңда жалпы берешек 157,7 млрд долларды құраған. Міндеттеменің көп бөлігі фирмааралық қарыз болып саналады. Десе де, мұнда да берешек мөлшері төмендегені байқалады. Өзге саладағы жалпы қарыздар 41,2 млрд теңге болған.

Елдегі банктердің борышы 19,3 пайызға қысқарып,  4,6 млрд теңгені құраған. Ұлттық банктің берешегі 634 млн долларға дейін азайған.

Ал Қазақстандағы мемлекеттік органдардың қарызы керісінше бір жыл ішінде 20,7 пайызға өсіп, 12,8 млрд долларға жеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу