Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 12%-ға төмендеді

1375

Коронадағдарысқа байланысты қазақстандық өнімнің экспорты 18 пайызға,  ал импорт 6,5 пайызға төмендеді.

Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 12%-ға төмендеді

Жыл басынан бері Қазақстанның тауар айналымы 55 млрд 600 млн долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12 пайызға төмен, деп хабарлайды Atameken Business.

Финревью агенттігінің ақпаратына сүйенсек, сауданың 29 пайызы – Еуроодақ елдеріне, 20 пайызы  – Ресейге, 18 пайызы Қытайға тиесілі.  

Коронадағдарысқа байланысты қазақстандық өнімнің экспорты 18 пайызға,  ал импорт 6,5 пайызға төмендеді.

Мамандардың айтуынша, сауданың төмендеуі – бүкіл әлемге ортақ үрдіс. Әлемдік сауда индексі 84 пайызға дейін азайды. Қазақстанның ең көп сатылған өнімдерінің көш басында әдеттегідей мұнай тұр.

Еліміздің қара алтынын ең көп тұтынатын елдердің үштігіне Қытай, Италия, Нидерланды кіреді. Нақтырақ айтқанда, Қытайға мұнай экспорты 46 пайызға өсіп, 1,2 млрд долларға жеткен. Ал Италия 4,6 млрд доллардың мұнайын сатып алса,  Нидерланды 2,4 млрд долларға Қазақстанның мұнайын импорттапты. 

Мамандардың болжауынша, сауда-саттық тек 2021 жылға қарай қалпына келуі мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу