Қазақстанның табиғи байлығын шетелге заңсыз шығарған 3 күдікті қамауға алынды

Олар мемлекетке 2 миллиард теңгеден аса шығын келтірген.  

Қазақстанның табиғи байлығын шетелге заңсыз шығарған 3 күдікті қамауға алынды Фото: canva

Бұл туралы Бас прокуратураның ресми парақшасы жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

– Қарағанды облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы қадағалау қызметі барысында пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру фактілерін анықтады. Осы фактілер бойынша Қарағанды облысының арнайы прокурорлары сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалын жүргізді, – делінген хабарламада. 

Белгілі болғаны, аудан кәсіпорындардың бірі 4 жыл бойы темір рудасын лицензиясыз заңсыз өндіріп, оны шетелге шығарған. Бұл іс-әрекет арқылы олар мемлекетке 2 миллиард теңгеден астам шығын келтіріп отыр. 

Қазіргі уақытта 3 күдікті қамауға алынып, олардың 500 миллион теңгеден асатын мүлігіне тыйым салынған. 

Қылмыстық іс сотқа жіберілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу