Қазақстанның табиғи қорықтары халықаралық дәрежеге ие болды

1649

Қазақстанның табиғи қорықтары халықаралық дәрежеге ие болды

"Алтын-Емел" ұлттық паркі мен Қатарау табиғи қорығы ЮНЕСКО-ның биосфералық резерваттарының әлемдік желісіне енді. Парижде өткен "Адам және биосфера" ЮНЕСКО бағдарламасының 29 халықаралық үйлестіру кеңесінің отырысында МАВ кеңесі Қазақстанның табиғи қорықтарына халықаралық дәреже беру туралы өтінішті қанағаттандырды, деп хабарлайды strategy2050.kz.

ҚР СІМ хабарлағандай, МАВ ЮНЕСКО бағдарламасымен халықаралық қорықтар желісіне Қазақстандық-Ресейлік траншекаралық биосфералық резерват "Үлкен Алтай" енгізілген. Оның құрамына "Қатон-Қарағай" мен "Қатон" қорықтары кіреді. Халықаралық сарапшылар атап өткендей, Қазақстан мен Ресей ғалымдарының серіктестігі  Азиядағы алғашқы трансшекаралық резерват болған "Үлкен Алтай" номинациясын жасақтауға мүмкіндік берді.

Бұдан басқа, әлемнің 35 елінен 55 жас ғалым қатысқан Young Scientists Award байқауының жеңімпаздары анықталды. Сонымен жеті жеңімпаз белгілі болды, олардың қатарында Қазақстаннан Луиза Абдурасулова бар.

Айта кетерлік жайт, МАВ жаңа 23 жобаны бекітті. Бүгінде Дүниежүзілік биосфералық резерваттар желісіне 120 елдің 692 нысаны енген. Қазақстан аумағында олардың 9 орналасқан (Алакөл, Ақ-Жайық, Ақсу-Жабағлы, Алтын-Емел, Барсакелмес, Қорғалжын, Қатон-Қарағай, Қаратау мен Үлкен Алтай).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу