Кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін алғашқы ауыр салмақтан (90,7 келіге дейін) бастаған 23 жастағы Али Балоев Латвия астанасы Рига қаласында өткен бокс кешінде жергілікті Марк Ковалевскисті нокаутпен ұтты. Мұны Балоев Instagram-дағы парақшасында мәлім етті.
"Аллаға шүкір, жеңіс құтты болсын, Қазақ елі! Алланың қалауымен алғашқы жекпе-жегім сәтті өтті. Маған жанкүйер болған баршаңызға рахмет! Біз біріксек қана – үлкен күшпіз. Бапкерім Сағатбек Мұсахановқа алғысым шексіз", – деп жазыпты Али Балоев жеке парақшасында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу