Қазақстанның тағы бір қаласынан Ыстамбұлға рейс ашылды

1030

Бұл рейсті үкімет коронавирус шектеулеріне байланысты былтыр наурызда тоқтатқан болатын.

Қазақстанның тағы бір қаласынан Ыстамбұлға рейс ашылды

Ыстамбұлға ұшақ 26 сәуірден бастап шығады. Рейстерді сейсенбі және жұма күндері Airbus A320neo авиалайнері орындайды. Ұшу ұзақтығы – 4 сағат 10 минут, кері қарай – 3 сағат 45 минут. Эконом-класта билеттер 165 мың теңгеден басталады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Осымен үш қаладан (Алматы, Нұр-Сұлтан және Атырау) Ыстамбұлға рейстер орындалады. 

"Алматыдан шығатын рейстер саны 17 сәуірден бастап аптасына 10-ға дейін артады, ал 25 сәуірден бастап Нұр-Сұлтаннан рейстер күн сайын орындалатын болады", – деп қосты компанияның баспасөз қызметі.

Air Astana – "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының Қазақстандық мемлекеттік қоры (51% акция) мен BAE Systems Британдық компаниясының бірлескен кәсіпорыны(49% акция).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу