Тағы бір пойызға әйелдер вагоны қосылады

162

Вагон №614/613 пойызы құрамында жүреді. 

Тағы бір пойызға әйелдер вагоны қосылады Фото: Қазақстан теміржолшысы

"Жолаушылар тасымалы" АҚ Ұлттық тасымалдаушының 1 маусымнан бастап Орал-Маңғыстау бағыты бойынша әйелдер вагонын іске қосатынын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Вагон №614/613 пойызы құрамында жүреді. Компания әйелдер вагондары келесі бағыттар бойынша қатынайтынын еске салды:

№77/78 "Алматы – Маңғыстау";
№351/352 "Алматы – Маңғыстау";
№45/46 "Павлодар – Түркістан";
№37/38 "Маңғыстау – Семей";
№47/48 "Атырау – Астана";
№33/34 "Ақтөбе – Алматы";
№4/3 "Астана – Алматы";
№71/72 "Астана – Шымкент";
№354/353 "Астана – Семей";
№24/23 "Ақтөбе – Алматы";
№25/26 "Алматы – Шымкент";
№614/613 "Орал – Маңғыстау".

“Әйелдер вагондарында ер адамдардан тек жеті жасқа дейінгі ұл балаларға ғана рұқсат етіледі. Мұндай вагондарда тек әйелдер жолсерік болып жұмыс істейді”, – делінген хабарламада.

Компания өкілдері жолаушыларға билеттерді онлайн рәсімдеу кезінде 'ЖН' (әйелдер) аббревиатурасына назар аударға шақырды. Бұл билет тек әйелдерге сатылатынын білдіреді.

Айта кетейік, Қазақстанда әйелдерге арналған вагондар 2021 жылы пайда болды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу