Қазақстанның тағы бірнеше өңірінде казино салынады

91

Казино Бурабай мен Қапшағайда жұмыс істеп тұр.

Қазақстанның тағы бірнеше өңірінде казино салынады Фото: newsofgambling.com

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов казинолардың қызметіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Жақында Мәжіліс туристік қызметке қатысты түзетулерді екінші оқылымда қабылдады. Құжатқа сәйкес, Бурабай мен Қапшағайдан бөлек, казинолар Маңғыстау облысындағы Каспий теңізінің жағалауында, Панфилов ауданындағы Алакөл маңында, Жетісу, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында пайда болуы мүмкін.

"Әр жаңа казино 2-3 млрд теңге көлемінде салық төлейді әрі шамамен 500 жұмыс орнын ашады. Бұл – туризмді дамыту мақсатында жасалып отырған халықаралық тәжірибе. Салықты азайту туралы айтылып жатқан жоқ. Өздеріңізге мәлім, казинода әрбір ойын үстелінен салық төленеді", – деп жауап берді министр тілшілердің сауалына.

Бұл мекемелерде тек шетелдік туристер ғана бәс тіге алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу